• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2024

Үш ауылдың қуанышы

160 рет
көрсетілді

Аймағымыздағы ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) кезек-кезегімен ашылып жатыр. Бұл жолы бір күннің ішіндегі Қарқаралыда үш бірдей ауылда ФАП қолданысқа берілді. Енді Темірші, Томар және М.Мамыраев ауылындағы ел-жұрт заманауи үлгідегі медициналық мекемеден ем-дом алады.

Бірден айта кеткеніміз жөн, бұл медициналық мекемелердің құрылысы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында былтыр басталған еді.

Аудан әкімі Әділжан Арғынов Томар ауылы мен Темір­ші округінің орталығы Татан ауылында болып, жаңа ғимарат­тар­дың ашылу салтанатында елге құтты болсын айтып, игілікке жарасын деген лебізін білдірді.

Аталған пункттерде дәрі­гер­ге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері, медицина қыз­меткерлеріне арналған, аку­шерлік кабинеттер жұмыс істейді. Сонымен қатар жеке үш бөлмелі фильтр кабинеті мен арнайы көлік гаражы бар.

Томар мен Татан ауылдарына ортақ бір дәрігер қызмет көрсетеді және Томарда екі медбике, Теміршіде үш медбике, М.Мамыраев ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылында ашылған ФАП-та үш медбике жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Томарда 600 адам, Теміршіде 1050 адам, М.Мамыраевта 790 адам тұрады.

Мұндай ФАП салу тағы жал­ға­сады. Алдағы уақытта «Ауылда денсаулық сақтауды жаң­­ғырту» жобасының аясында Қар­қаралы ауданында 2025 жылға дейін тағы да 17 медициналық нысан салу жоспарланған.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы