• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 22 Ақпан, 2024

Бөдененің арнайы жемі

228 рет
көрсетілді

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу универ­ситетінің ғалымдары сіңімді және табиғи өсімдік компоненттерін қолдана отырып, бөдене өсіруге қажетті байытылған жем жасап шығарды. Ол бөдененің еті мен жұмыртқа өнімінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.

Елімізде бөдене өсіру – ауыл шаруашылығы өндірі­сінің салыстырмалы түрдегі жаңа саласы. Өкінішке қарай, көптеген шаруа қожалығы­ның басшылары бұл құс­тың пайдалы қасиеттерін, жұмыртқа мен ет өндірі­сін ұлғайтудағы мүмкіндік­терін әлі күнге жеткілік­ті баға­ла­май отыр. Десек те, Сол­түс­тік Қазақстанда құс шаруа­шы­лы­ғының жаңа саласы саналатын бөдене бағу дұрыс жолға қойылған. Ондағы бөдене өсіру шаруасы – халықтың жұмыртқа мен ет сияқты құс өнімдеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру көзінің бірі.

Жоғарыда айтылған жоба­ның негізгі идеясы мен ерек­шелігі – физиология­лық және биоло­гиялық үдерістерді жедел­дететін, құс­тың денсау­лығын нығай­та­тын және жемнің қоры­тыл­уын жақсар­татын экс­труд­талған әрі табиғи өсім­дік компоненттерін қол­дана отырып байытылған жемді әзірлеу. Бұл ғылыми жұмыс қауіпсіз, жоғары сапалы бөдене өнімдерін алуға мүмкіндік береді. Атап айт­қанда, ас қорыту үдерістері, қан мен зат ал­масудың морфо-биохи­миялық жағдайы, ет және жұмыртқа өнімділігі, био­логиялық құнды өнімдерді арттыру оңтайландырылады.

Осылай отандық ғалым­дардың нәтижелі еңбегінің арқасында табиғи өсімдік компоненттері негізінде ет және жұмыртқа бағытындағы бөденелерге арналған жаңа, жеңіл сіңетін, жоғары қорек­тік байытылған жемшөп­тер­дің рецептурасы жасалды.

«Біз бөденеге арналған Start рецептурасымен жем түр­лерін әзірледік. 2023 жылы ет және жұмыртқа бағытындағы бөденеге арналған барлық жем түрі сыналды: Start (бірінші), Grower, Layer, Finish (екінші рет жақсартылған құраммен). Рецептің айрықша ерекшелігі – оларда ет-сүйек ұнының бол­мауы және экструдталған астық компоненттерінің қосылуы», дейді ғылыми жоба жетек­шісі, ҚАТЗУ аға оқытушысы Динара Жаңабаева.

Осы жоба негізінде әзір­лен­­ген жемнің құс ағзасы мен олард­ың ет пен жұмырт­қа өнім­ділігіне әсері зерт­телді. Бөде­не үшін әзірленген жем­нің са­пасы мен қауіпсіздігіне баға бе­рілді. Нәтижесінде, жем­нің улы және қауіпсіз екені, бар­лық нормалар мен талап­тарға сай келетіні анық­тал­ды. Бұлар­мен бірге, бөде­не­лердің ет және жұмыртқа өнімділігінің айтар­лық­тай жақсарғанын көрсетті. Бөде­не өсіруді дамыту, оның жо­ға­ры сапалы және пайдалы өнім ретіндегі әлеуетін ашу, экс­порт­тық қуаттылықты арт­ты­ру халықтың денсау­лығы мен әл-ауқаты үшін аса маңызды.