• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Дін 23 Ақпан, 2024

Ел ішіне ылаң салып жүр. Бас мүфти дәстүрді жоққа шығаратындарды сынға алды

215 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауда өткен ғылыми конференцияда экстремизммен күрестің төте жолы ретінде салт-дәстүр мен дұрыс шариғатты дәріптеу екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның пайымынша, қазақ дәстүрінің өзі дінмен сабақтасып жатыр. Экстремизмнің алдын алу үшін ұлттық салт-дәстүрді, дұрыс шариғатты дәріптеу қажет.

- Дәстүр дегеніміз – елімізде қалыптасқан діни тәжірибелер тізбегі және біздің өмір сүру салтымыз. Бүгінде қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне ылаң салып жүргендер жоқ емес. "Қазақ дінсіз болған" деген сынды шала түсініктегілер елімізді ислам дініне енді тәй-тәй басқан баладай көрсеткісі келді, – деді бас мүфти.

Оның айтуынша, алайда жат ағымның жетегінде кеткендер дін мен дәстүрді бір-біріне қарсы қою арқылы ел ішін араз етіп отыр. 

- Олар бұл әлемді өз қалауына қарай өзгертуге тырысады, дәстүрлі құндылықтарды толығымен жойып жібергісі келеді. Радикализм мен экстремизмге жетелейді. Осы ретте айта кету керек, деструктивті ағымдар тек ислам дінін жамылып, өз ниеттерін жүзеге асырмайды, жат ағымның протестанттық және шығыстық түрлері де бар. Ең қызығы жат ағымдардың қаражат табу, билікке бару, өз идеологиясын тарату сынды көздеген мақсаты болады, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.