Кеше кешкілік Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы жеке үй өртке оранған. Өкінішке қарай, төрт кішкентай бала қаза тапты.
«23 ақпанда Қарқаралы ауданы Талды ауылында екі бөлмелі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе-есік бөліктері өртенді. 2019, 2020, 2021, 2022 жылғы балалар көз жұмды», деп хабар таратты Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті.
Қайғылы оқиғаның себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр.Төтенше жағдай министрлігі төрт баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қарағанды облысыҚарқаралы ауданы