ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 24 ақпанда 04 сағ.58 мин.53 сек. жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан Қытай аумағында – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 3 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ», делінген хабарламада. Жағдай тұрақты. ТЖД азаматтарды сабыр сақтауға шақырды.