Садақ атудан ҚР Ұлттық құрамасы құрылды. Анжела Тарыца, Айым Тілепберген, Ербол Тапенов, Қанат Абылайхан дәстүрлі садақ атудан спорт шебері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының мәліметіне сілтеме жасап.
Тағы бір айта кететін жайт, 18 садақшы шеберліктерін шыңдау үшін Малайзияға аттанды.
«Тарихи сәт, өйткені дәстүрлі садақ ату бойынша тұңғыш рет оқу-жиын жаттығуына дайындалып жатырмыз. Бұл 5 Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына іріктеу болып саналады әрі қосымша өзіміздің тәжірибемізді арттыру үшін Малайзия еліне бара жатырмыз, осы оқу-жиыны жаттығуы арқасында көшпелілер ойындарында үздік нәтиже көрсетеміз деген сенімдеміз», дейді ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Диас Ахмет.