• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Ақпан, 2024

Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты

100 рет
көрсетілді

Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Өрт сөндірушілер сағат 07:52-де 400 шаршы метр алаңдағы өртті оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», деп хабарлады министрліктен. 

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай сағат 06:32-де Ә.Бөкейханов атындағы ауданда «Пархоменко атындағы Қарағанды ​​машина жасау зауыты» ЖШС аумағында цех шатырының ағаш жабыны өртенді. Өрт 08:22-де сөндірілді.