• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Көрме 26 Ақпан, 2024

Табиғатпен үндескен көрме

131 рет
көрсетілді

Өткен аптада елордамызда Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, «Құрмет» орденінің иегері, ТүркСОЙ, Ресей өнер академиясы Алтын меда­льдарының иегері, танымал қылқалам шебері Сейсенхан Махан­беттің «Табиғатпен үндесу» атты жеке көрмесі ашылды.

Осы жылдың басынан елі­мізде қазақ бейнелеу өне­рінің негізін салушы, Қа­зақ­стан­ның халық сурет­шісі Әбіл­хан Қастеев пен КСРО ха­лық суретшісі Орал Тан­сық­баев­­тың 120 жылдығы аталып өтіп жатыр. Осы орайда, бұл шығармашылық көрме­сін бала күнінен өзіне пір тұтқан айтулы қос тұлға рухына ар­­на­ған суретші Сейсенхан Орын­­бекұлы әр жылдарда жаз­­ған пейзаж жанрындағы туын­дыларын өнерсүйер қа­уым назарына ұсынды. Астана­дағы «НАS SANAT» галерея­сын­да ашылған көрмеге бел­гілі мемлекет және қоғам қайрат­кер­лерімен қатар қа­рапайым жұртшылық көп жи­налды.

Іс-шараға арнайы қатыс­қан Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті­нің төрағасы Нұртөре Жүсіп алғаш­қы сөзді алып, С.Маханбеттің қылқаламы­нан туындаған картиналарына жоғары баға берді. Соны­мен бірге Мәжілістің Ха­лықаралық істер, қорғаныс жә­не қауіпсіздік комитетінің төр­ағасы Айгүл Құспан мен Мә­жіліс депутаты Қазыбек Иса сөз алып, суретшіге шы­ғар­машылық табыс ті­леп, оның туындыларына бұ­рын­нан қызығушылық таны­та­тыны туралы жылы лебіз­дерін білдірді. Көрмеге қо­йыл­ған картиналарының өзін­дік ерекшелігі мен пейзаж жанр­дағы шынайы да табиғи қол­таңбасына тоқталды.

Көрменің ашылуында Түрк­­СОЙ-дың бас хат­шы­­сы Сұл­­тан Раевтың Сейсен­хан Ма­хан­бетке жолдаған құт­тық­тау хаты оқылды. «Қа­рым­­ды да талантты қыл­қалам ше­­бері ретінде шығарма­шы­­лығыңызды жоға­ры ба­ға­лап, 2022 жылы түркі әлемі су­рет­шілері ара­сын­да Сізді ТүркСОЙ-дың ең жо­ғары ма­рапаты – Ал­тын медаль төс­белгісімен мара­пат­таға­ны­мызды жұртшылық жақ­сы бі­леді. Есімі күллі ел есінде қал­ған, өнер жолыңызда кумир тұтқан қос шеберге арнап өз шығармашылығыңыз­бен көрме ашып жатқаныңызға ­ма­ңыз бере отырып, ТүркСОЙ ұйымы атынан шығарма­­шы­лық табыс, зор денсаулық, таусылмас қайрат, шалқар шабыт тілеймін» делінген құт­тықтауда.

Сонымен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігі Мә­дениет комитетінің бас­қар­ма басшысы Гүлзей­неп Әнапияқызы Мәдениет жә­не ақпарат министрі Аида Ба­лаеваның құттықтау хатын оқып, көрме иесіне бір шоқ гүлін табыстады. «Сізді қалың жұртшылық қазақ бей­нелеу өнерінде өзіндік қол­таңбасы бар кескіндеменің хас шебері ретінде жақсы таниды. «Кесенеге кірер қақпа», «Жеңіспен оралу» және өзге де мазмұнды туындылары­ңыз қазақстандық бейнелеу өнерінің алтын қорына енді» деген министр қылқалам ше­беріне мәртебесі биік бейнелеу өне­рінің нағыз майталманы ре­тінде еліміздің атақ-даңқын одан әрі арттыра беруіне тілектестігін білдірді. Іс-ша­раға қатысқан қо­нақ­тар арасынан «Дарын» мем­лекет­тік сыйлы­ғы жазушы Айгүл Кемелбаева да С.Маханбетке ізгі тілегін біл­діріп, суретші мен оның картиналары туралы эссе жазатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, елор­да­мыздың сол жағалауындағы «НАS SANAT» галереясында ашыл­ған көрме наурыз айы­ның 15-іне дейін ашық бола­ды. Көрермендер назары­на қылқалам шеберінің 65 кар­­тинасы қойылған. Келем деу­­шілерге есік ашық.