• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Дәстүр 27 Ақпан, 2024

Бұл Наурыз мейрамы бұрынғыдан өзгерек тойланады. Жоба дайындалып жатыр

317 рет
көрсетілді

Қазақстанда көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамын тойлауға көзқарас өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органмен бірлесіп, Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тәсілдерін әзірлеп жатқанын мәлімдеген.

Министрлік Тengrinews.kz-ке хабарлағанындай, құжат талқылау сатысында және осы жылдың наурыз айының басында көпшілікке жарияланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan-ға берген сұхбатында төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өту керек екенін айтқан болатын.

- Жаңа жыл – әрине, күнтізбе­нің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қоры­тын­ды­лап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін, - деген еді Президент.