Диляра Аленова ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Алматы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.