«Қазгидромет» РМК мамандары ертеңге, яғни 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар мен жаңбыр жауады, жел күшейеді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар синоптиктер ел аумағында тұман күтілетінін айтты.