Атырау мұнай өңдеу зауытының бутендерді олигомеризациялау қондырғысындағы бензин құбырынан ақау шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, техникалық ақау 26 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18:30-да анықталған.
«Аталған желі жылына бір рет қондырғыны іске қосу кезінде пайдаланылады. Ақауға байланысты құбырды босатып, жөндеу жұмыстарына дайындау мақсатында 10 минутта 15 кгк/текше см қысыммен техникалық су жіберілді. Бұл жағдай өндіріс үдерісіне әсер етпейді. Қазір технологиялық қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін шығару мен жөнелту жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр», деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.