• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Бокс 28 Ақпан, 2024

Ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайын

117 рет
көрсетілді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге дайындық аясында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынында бас қосты.

Жиынға 80-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Олардың арасында әлемдік лицен­зиялық турнирге қатысатын алты бокс­шыдан бөлек, Ұлттық құраманың өзге де мү­шелері мен әр облыстың құ­рамалары бар.

– Жігіттердің дайындығы жақсы. Бас­ты күшті лицензиялық турнир алдын­да боксшылардың тактикалық және тех­ни­калық дайындықтарына қойып отырмыз. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Енді 29 ақпан күні Италияға ұшамыз, – деді ұлт­тық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Апеннин түбегіндегі тур­нирге Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхамедсабыр Базар­байұлы (63,5 кг), Асланбек Шым­бергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) қатысады. Ита­лиядағы турнирге қатыспайтын бокс­шы­ларымыз Сербия, Литва, Әзер­байжан елде­ріндегі халықаралық турнирлерде өнер көр­сетеді. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиы­ны­нан кейін боксшылардың бірқатары Аты­рауда өтетін Болат Теміровті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақ сынайды.

Ал Италияның Бусто-Арсицио қала­сында өтетін әлемдік лицензиялық тур­­нирде ерлер арасында 28 лицензия са­рап­қа салынады. Қазір Қа­зақстан ерлер құрамасы Париж олим­пиадасының бір ғана лицензиясын иеленген. Былтыр жазғы Азия ойындарында аса ауыр сал­мақтағы Қамшыбек Қоң­қабаев ен­ші­міз­дегі жалғыз ғана жолдаманы жеңіп алды.