Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Диана Жұмағұлова суға секіруден 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Olympic.kz мәліметінше, бүгін отандасымыз 7 метрлік тұғырдан секіруден күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін 19 жасар спортшы жекелей бәсекеде қола медаль еншілеген еді.
Сондай-ақ Диана Жұмағұлова Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста 1 алтын және 1 күміс жүлде иеленді.