Синоптиктер үшінші наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман күтіледі, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.