• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 03 Наурыз, 2024

Мемлекет басшысы Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

108 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.