2 наурыз күні сағат 15.45-те Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы орман шаруашылығы аумағында 100 гектар алқаптағы қамыс өсімі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 17.57-де қамысты сөндіруге Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінен 36 адам, 5 бірлік мотопомпа, 1 бірлік техника, 4 моторлы қайық жұмылдырылды.
3 наурыз сағат 12.30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру әлі де жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиға орнына жеке құрамның 35 адамы, моторлы қайық, 6 мотопомпа және орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.
«Өртті сөндіруді батпақты жер және тығыз өсімдіктер қиындатады, бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі болады», деп хабарлады ТЖД.