• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Наурыз, 2024

Бішкекте жер сілкінісі сезілді

306 рет
көрсетілді

Қырғызстан астанасында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:22-де тұрғындар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Чолпон-Ата қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда, Алматыдан оңтүстікке қарай 40 шақырымда, Бішкектен солтүстікке қарай 190 шақырымда орналасқан.

MSK-64 шкаласы бойынша 6 балл шамасында болды, магнитудасы- 5,3.

Қырғызстан Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы Чолпон-Атада – 4 балл, Бішкек, Құмтөр кеніші, Қаракөл – 3,5 балл болды.

Жер сілкінісінен бірнеше секунд бұрын Android қолданушылары магнитудасы 5,4 балл болатын жер сілкінісі туралы хабарлама алды.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда жер сілкінісі болды. Жедел ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балды, Жетісу облысында (Талдықорған) 2 балды құрады.