• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Наурыз, 2024

Бұзақылық бабына ауысты. Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің ісі жеңілдетілді

86 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың ісі жеңілдетілген қылмыстық бапқа ауысты, деп жазады Egemen.kz.

27 қаңтар күні әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылғаны бейнеленген видео тараған еді.

Оқиғадан соң күдікті бой тасалап, 1 ақпанда қолға түсті. 

Соңыра жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы Нұрболат Дәкебаевты кешіретінін мәлімдеді, алайда құзырлы орган оның жазасыз қалмайтынын хабарлады. 

Күдіктінің әрекеті бастапқыда «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша қаралды, ал қазір «Бұзақылық» дерегіне ойысты. Алғашқы бапта 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы көзделсе, «Бұзақылық» бабында 2 жыл қамауда ұстау жазасы қарастырылған.

Аталған іс бойынша сот тыңдалымы шамамен 6 наурыз күні, ашық форматта өтеді.