Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында екі рет жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» 5 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 04:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 406 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4. Магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 10 км. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді.
Екінші жерасты дүмпуі 5 наурызда Алматы уақытымен 06:29-да тіркелді. Оның ошағы Қытайдың оңтүстік астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4. Магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 10 км. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді.
Айта кетейік, кеше 4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасты. Қала тұрғындары сағат 16.00-ге дейін қоғамдық қабылдау орындарында болды. Мектептер мен колледждердегі сабақтар тоқтатылып, балабақшалар балаларды алып кетуді талап етті.