• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2024

Алаш көсемін ардақтады

69 рет
көрсетілді

5 наурыз – Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні. Соған орай ел­ордадағы Қаламгер аллея­сындағы Алаш арыс­­­тарының ескерт­к­і­шіне гүл шоғын қою рә­сімі өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен алаш ар­дақтысын құрмет тұ­та­тын барша жұрт жи­налды.

Тағылымды шараны өт­кі­зуге ұйытқы болған – «Alash.kz» ұлттық порталы. Іс-шара ба­рысында зиялы азаматтар Алаш көсемінің өмір жолы мен ең­бегіне тоқталып, парасатты ой өр­біт­ті. Республикалық «Арда­герлер ұйымы» орта­лық кеңесі төрағасының бі­рінші орынбасары Өмірзақ Оз­ған­бай ұлт мүддесі жолын­да ба­сын бәйгеге тіккен тұлға­ла­рымызды ұлықтау – ел­ді­гіміздің белгісі екенін айтты.

«Әлекең «Хан баласында қазақтың хақысы бар. Тірі болсам, қазаққа қызмет қыл­май қоймаймын», деп бекер айтқан жоқ. Ол барлық са­налы ғұмырын халқымызға қызмет етуге арнады. Сол ұс­танымнан ешқашан тайған емес. Қандай қайсарлық! Ел мүддесі жо­лында қыруар жұмыс ат­қарды. Алаш автономиясын құ­рып, Алашорда үкі­метінің төрағасы болды. 20-жыл­дардың ортасында екі рет тұт­қындалып, түрме аза­бын тартты. Одан кейін Мәс­кеуге жер аударылып, он жыл­дан аса мырзақамақта отыр­ды. Осының бәрі ұлт кө­се­мін мойы­та алмады», деді ол.

Ал алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай қытымыр қыстың өзегінен шығып, көк­темге бет алған маусым се­кіл­ді Алаш қозғалысы да қат­ты қыспақтан, жаншудан, сана­лық құлдықтан, қалың қар­­дың астында қалған қазақ­тың тамырын оятып, келешек­ке бас­­та­ғанын бейнелеп жет­кізді.

«Соның ішінде біз тағзым етіп отырған ұлт көсемі дәре­же­сіне көтеріліп, елін ертеңге бет ал­дырған Әлихан Бөкейхан секілді саяси тұлғалар оған дейін де, одан кейін де қазақ сахарасында әлі шыққан жоқ», десе, қоғам қайраткері Әлихан Байменов айтулы тұлғаның бекзат болмысы мен еңбегі туралы әңгімеледі.

Бұдан кейін іс-шара ша­һар­дағы Ә.Бөкейхан атын­дағы №76 мектеп-лицейі мен «Қара шаңырақ» қоғам­дық бірлестігі өткізген «Рух­қа тағ­зым» атты кешке жалғас­ты. Онда Алаш арысы туған топы­рақта өмірге кел­ген өлке­танушы Тұңғышбай Мұ­­қан қариямен мектеп мұға­лімдері мен оқушылар кезде­сіп, сұхбаттасты. Сондай-ақ оларға Т.Мұқан ағамыздың автор­лығымен шыққан «Әли­хан Бөкейхан – ұлт-азаттық күрескері» атты деректі фильм көрсетілді.