• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Наурыз, 2024

Лондонға аттанған жолаушылар ұшағын найзағай соқты

275 рет
көрсетілді

Ванкувер қаласынан Лондонға ұшқан Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777-300 ұшағын найзағай соққысы шарпып өткен. Бұл туралы nashvancouver.com сайты хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Найзағай соққан сәттегі фотоларды куәгер студент-ұшқыш Итан Уэст ұсынған екен.

Ол сабақ аяқталғаннан кейін тәуліктің қараңғы уақытында ұшақтың ұшып көтерілуін фотоға түсірмек болған. Сол кезде бортты соққан найзағайды да қоса түсіріп алған екен.

Уэсттің айтуынша, бастапқы мезетте ол тосылып қалған, себебі ұшақты найзағай соғатынын мүлде күтпеген екен. Сәлден кейін оны бұдан әрі не болатыны қызықтырып, әрі қарай фотоға, видеоға түсіруін жалғастырған.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің деректері бойынша жолаушылар ұшағына найзағай жылына орта есеппен бір-екі рет түседі екен.