• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 06 Наурыз, 2024

Атырау облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

362 рет
көрсетілді

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірлік департамент қызметкерлері тергеуді бастаған.

«Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Лауазымды тұлға ведомстволық бағынысты ұйымнан спортшыларға оқу-жаттығу жиындарынан өтуге бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», деді Арман Тілеукенов.

Аталған басқарманың басшысы лауазымын Дастанбек Қоспанов атқарады. Ол бұл қызметке былтырғы шілдеде тағайындалған.