Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, алты адам, оның ішінде 2 бала көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 наурызда сағат 12:33-те Қарағанды қаласы, Сатыбалдин көшесі мекенжайында пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
«5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерінде 15 ш.м (тұрмыстық заттар мен жиһаздың жануы) алаңда өрт шықты. Сағат 13:09-да өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері құтқару қалпағын пайдаланып 9 адамды құтқарды. Жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицина орталығы өрт орнынан алдын ала көмірқышқыл газымен уланған 6 адамды (оның ішінде 2 бала) алып кетті», деп хабарлады министрлік өкілдері.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы, 6 бірлік авариялық-құтқару техникасы, сондай-ақ «АМО» ФММ 4 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.