• RUB:
    6.05
  • USD:
    518.57
  • EUR:
    566.59
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Наурыз, 2024

Мерекелік демалыс күндері жаңбыр жаууы ықтимал

290 рет
көрсетілді

Синоптиктер 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

«9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Бұл күндері ауа температурасы республиканың батыс облыстарында 0+8 градус, солтүстігінде -4+1 градус, оңтүстігінде +10+20 градусқа дейін көтеріледі.