8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда әйелдер рұқсат етілген митингке шықты. Әйелдер қозғалысы қаладағы Махатма Ганди ескерткіші жанындағы саябақта өтті, деп жазады Egemen.kz.
Митингке қатысушылар әйел құқығы мен қоғамдағы орнына қатысты әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Іс-шараны қиын жағдайда қалған әйелдерді қолдау мақсатында құрылған «Рахым» әлеуметтік үйінің негізін қалаушы Бибінұр Шерәлиева, азаматтық тең құқық үшін күресетін басқа да қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс өкілдері ұйымдастырды.
Митингке 100-ге жуық адам қатысты, олардың ішінде БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар, сондай-ақ жастар болды.
Жиынның ұйымдастырушысы Бибінұр Шерәлиева ажырасқан әйелдердің жағдайын ортаға салып, табысына қарамай ең төменгі жалақының пайызына тең алимент төлеу әділетсіздік деп есептейтінін жеткізді. Ол осы мәселенің жүгін көтерген заң жобасына түзету енгізілуі қажет деп санайды.
Митинг 2 сағатқа созылды.
Фото: Әлихан Сариев