• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Наурыз, 2024

Әлемдік лицензиялық турнир: Бүгін төрт боксшымыз жарыс жолына шығады

158 рет
көрсетілді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова алғашқы айқастарын өткізеді, ал Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай екінші кездесулеріне шығады, хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бүгін шаршы алаңға шығатын төрт боксшымыздың жекпе-жектері Қазақстан уақытымен:

66 кг: Наталья Богданова – Лорена Соледад Бальбуэна (Аргентина) 16:30-да басталады.

80 кг: Нұрбек Оралбай – Прева Падабади (Того)17:30-да басталмақ.

50 кг: Алуа Балқыбекова – Клаудиа Тотова (Чехия) 19:30-да бастау алады.

57 кг: Махмұд Сабырхан – Саравут Суктхэт (Тайланд) 20:30-да.

Боксшыларымыздың жекпе-жектерін boxingkazakhstan инстаграм парақшасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Ал Qazsporttv-дің бүгінгі эфир кестесі бойынша бокстан Әлемдік лицензиялық турнир 15:00, 19:30, 00:00-дерде көрсетіледі.