Бүгін сағат 17.00-де республикалық маңызы бар А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 194 шақырымы тұсында температураның жылынуы және еріген қар суы салдарынан су өту дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, еріген қар суының ені - 20 м., биіктігі – шамамен 3-5 см.
Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Еріген қар суының жүруін жою бойынша орнына ДЭУ-13 күші жұмылдырылды.
Бүгінгі сағат 19:00 бойынша барлық республикалық маңызы бар автожолдар ашық, қозғалысқа шектеу жоқ.