Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турнирінде еліміздің қыздар құрамасы жалпы командалық есепте 133 ұпаймен үшінші орын алды. Команда қоржынында 2 күміс, 4 қола бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел құрамасынан күміс медаль алған балуандар: Ирина Кузнецова (62 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).
Құрама сапындағы балуандардан қола жүлде алғандар: Эмма Тисина (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Шамшиябану Тастанбек (72 келі).