Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
«Жеңіл салмақтағы аруымыз Алуа Балқыбекова Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалына нық қадам басты», деп хабарлады федерация.
Ел спортшысы 1\8 - финалда Оңтүстік Кореялық Джухюнг Чоннан мықты екенін дәлелдеді. Алуа Балқыбекова келесі кезеңде жеңіске жетсе Олимпиадаға жолдаманы қанжығаға байлайды.
Ширек финалдық жекпе-жек ертең өтеді деп жоспарланған.