• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Наурыз, 2024

Екпінді жел, қар. 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1167 рет
көрсетілді

Синоптиктер дүйсенбі, 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК ертең елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райы болжанғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар облысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс аумағында екпіні секундына 15-20 метрге жететін екпінді жел болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.

Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде-күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Сондай-ақ 3 облыста Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбеде қалың тұман түседі деп болжанған.