• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Наурыз, 2024

Олимпиадаға жолдама: Шаршы алаңда екі қазақ кездесті

110 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан Олимпиадаға жолдама сарапқа салынып жатқан турнирде қос қазақ кездесті. 51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Бахрейн мемлекетінің атынан шыққан қазақ Азат Махметовке қарсы жұдырықтасты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясы 1\8 финалда Сәкен Бибосыновтың жеңіске жеткенін хабарлады. Ол Азат Махметовтен 4:1 есебімен басым түсті.

«Бір-бірін аңдысып өткен айқаста Сәкен дәл соққыларын мейлінше көп бағыттады. Қос боксшы бұған дейін 2019 жылы Конфедерация кубогінде жолығып, Сәкен Бибосынов жеңіске қол жеткізген еді», деп жазды федерация.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов ертең шешуші жекпе-жегін Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Ұлыбританиялық Киаран Макдонольдке қарсы өткізеді.

Сондай-ақ лицензиялық турнирдің осы кезеңінде отандасымыз Нұрбек Оралбай бейтарап боксшы ретінде қатысып жатқан Беларусь спортшысы Алексей Алферовті қапы қалдырып, жеңіске жетті.