• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Наурыз, 2024

- 20 градус. Қазақстанға аяз қайта оралады

7205 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 12, 13, 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы күрт суытады. Кейбір өңірлерде - 20 градус аяз болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі салдарынан ауа райы қолайсыз болмақ. Жауын-шашын түседі. 

12 наурыз күні Қарағанды, Павлодар облыстарында жаңбыр аралас қар жауады. 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында да осы күн райы қайталанады. Жалпы Республика территориясында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

«Белгіленген мерзімде елдің басым бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы -10, -20 градусқа дейін төмендейді. Елдің оңтүстігінде бұл уақытта сынап бағанасы күндіз - 2-10 аралығын көрсетсе, түнде термометрлер - 2, -12 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.