Жетісу облысында егістіктерден қардың қарқынды еруінен Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің алдын ала ақпарат бойынша 19 аула аумағын су басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай министрлігі таратқан хабарламада: «ТЖД және ЖАО шамамен 60 адамы, 20-ға жуық техникасы үйінді бөгенін орнату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, 300 метр бөген тұрғызылды. Аула учаскелерінен 640 текше метр су алынды, жұмыстар жалғасып жатыр», делінген.