• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Наурыз, 2024

Алматыдағы зообақта екі қонжық өмірге келді

112 рет
көрсетілді

Алматы зообағындағы Тянь-Шань ақ тырнақты аюлары Герда мен Құрманбектің екі төлі өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зообақтағылардың айтуынша, кішкентай аюлардың анасы Герданың денсаулығы жақсы. Ол осымен үшінші рет өмірге қонжық әкеліп отыр екен.

- Герда бұған дейін 2017 және 2021 жылы төлдеп, баршамызды қуантқан болатын. Ол кезде оларға біздің парақшамызға жазылған өздеріңіз ат қойған болатынсыздар. Жаңа туған қонжықтар әзірге анасының қасында. Қонжықтар жарты жылға дейін анасының сүтімен қоректенеді, - делінген зообақ мәліметінде.

Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар. Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда.

Айта кетейік, әзірге қонжықтардың жынысы анықталмаған. Жынысы анықталған соң оларға ат қоюға байқау жарияланатын болады.