• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Наурыз, 2024

Қатты жел, қалың тұман. 8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

1407 рет
көрсетілді

Синоптиктер 18 наурыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК ертең елдің 8 өңірінде дауылды ескерту жариялап, екпінді жел, қалың тұман түсетінін болжады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында да  қалың тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп болжанған. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанған.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде өңір орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанған. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Синоптиктер болжамынша, Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында да екпінді жел соғып, жылдамдығы 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.