Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі.
Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
№201/202 «Астана – Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді. Кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;
№203/204 «Астана – Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді. Кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;
№205/206 «Ақтөбе – Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді. Кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.
Сонымен қатар Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.
Солтүстік аймақ бойынша қосымша вагондар 7, 10, 20, 25 наурыз аралығында қатынайтын №45/46 «Павлодар – Түркістан» жолаушылар пойызына; 7, 11, 21, 25 наурыз аралығындағы №139/140 «Павлодар – Пресногорьковская» жолаушылар пойызына; 7, 9, 21, 25 наурыз аралығындағы №354/353 «Астана – Семей» жолаушылар пойызына; 8, 10, 20, 24 наурыз аралығындағы №623/624 «Астана – Петропавл» жолаушылар пойызына қосылады.
Батыс аймақ бойынша 7-25 наурыз аралығында қатынайтын №22/21 «Қызылорда – Семей», №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1», №34/33 «Ақтөбе – Алматы-1», №37/38 «Маңғыстау – Семей», №47/48 «Атырау – Астана», №313/314 «Маңғыстау – Атырау», №614/613 «Орал – Маңғыстау», №692/691 «Ақтөбе – Атырау» жолаушылар пойызына қосымша вагондар тіркеледі.
Оңтүстік аймақ бойынша 7-26 наурыз аралығында қатынайтын №87/88 «Алматы – Сарыағаш», №77/78 «Алматы – Маңғыстау», №351/352 «Алматы – Өскемен», №21/22 «Қызылорда – Семей» жолаушылар пойызына қосымша вагондар тіркеледі.
Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.