«Қазгидромет» РМК мамандары 21-23 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, елдің батысы мен солтүстігіне антициклон екпіні әсер етеді, бұл жауын-шашын күтілмейтінін білдіреді. Түнде сынап бағанасы -10-18°С дейін төмендейді, бірақ күндіз күн сәулесі ауаны жылытып, термометр нөлден жоғары болады.
Ал республиканың орталық, оңтүстік және шығыс облыстары үлкен ылғалдылықпен шығысқа қарай жылжитын циклонның үстемдігінде болады, демек аталған өңірлерде жаңбыр жауып, жел соғады.
Синоптиктер ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.