• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 21 Наурыз, 2024

Астанада 75 келі насыбай сақталған қойма анықталды

266 рет
көрсетілді

Құқық қорғаушылар мен әкімдік өкілдерінен құралған топ ай соңына дейін күшейтілген тексеріс жүргізбек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Байқоңыр ауданындағы тексерістердің бірінде тыйым салынған өнімнің ірі көлемін заңсыз сақтағандар белгілі болды.

- Гараж ретінде пайдаланылған нысанда қазір тыйым салынған 1 қап және 2 қорап насыбай анықталды. Енді тәркіленген тыйым салынған заттар жойылады. Сондай-ақ иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - дейді полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бахтияр Байқанов. 

Сонымен қатар рейдтер барысында шегілмейтін темекі өнімдерін сақтау мен тарату фактілері де құрықталады.Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері профилактика барысында дүкен иелеріне вейптерді заңсыз сатқағаны үшін 92 мың 500 теңге айыппұл қарастырылғанын ескертті.

Жедел профилактикалық іс-шара 31-наурызға дейін жалғасады. Құқық қорғаушылар мен әкімдік өкілдерінен құралған топ тексерістерді ең алдымен мектеп маңындағы дүкендерден бастауда.