2019 - 2022 жылы Астана қаласы әкімі лауазымын атқарған Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.