• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Наурыз, 2024

Еуро-2024-ке қатысатын командалар белгілі болды

36 рет
көрсетілді

Грузия, Польша, Украина 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Плей-офф кезеңі арқылы Еурода бақ сынауға мүмкіндік алған бірінші команда Грузия құрамасы болды. Олар Грекияны пенальтилер сериясында (0:0, 4:2) ұтып үлгерді. Кейін оларға поляктар мен украиндар қосылып, Уэльс пен Исландияны турнирге жібермеді.

Еуро-24 топтарының құрамы:А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.В тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.D тобы: Польша, Нидерланды, Австрия, Франция.Е тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина.F тобы: Түркия, Грузия, Португалия, Чехия.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия құрамасынан жеңіліп қалды.

Футболдан Грузия ұлттық құрамасы Грекияны жеңіп, тарихта тұңғыш рет Еуроға жолдама алды.

Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Люксембургтен 1:2 есебімен жеңіліп қалды.