Төтенше жағдай министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен Қостанай облысындағы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адамды құтқарды.
Қызыл су құрсауында қалғандар тікұшақ келгенше, үйдің шатырына, трактордың үстіне шығып жан сақтаған.
Министрлік мәліметінше, құтқарылған адамдар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілген. Олардың бәрі медициналық көмектен бас тартқан.
Қостанай облысы