• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Наурыз, 2024

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр - фейк

174 рет
көрсетілді

Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады - көрсеткіш 2,56 және 2,54.

Ал 2023 жылдың ажырасу көрсеткіші бойынша қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады. «Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді», делінген Статистика бюросы таратқан хабарламада.