• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Наурыз, 2024

Елдің басым бөлігінде нөсер жауын жауады

158 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мамандары 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсындыі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райы Ақтөбенің үстінде орналасқан ауқымды циклонмен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады, сондықтан Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы әлі де сақталып, жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады, солтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда нөсер жауын жауады.

«Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста аздаған бұрқасын, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады», делінген хабарламада.