Қазгидромет 28 наурызға арналған ауа райына болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады.
Ұлытау облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде кей уақытта 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Астанада жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Шымкентте күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде , шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.