«Beeline» ұялы байланыс операторы төтенше жағдай режімі жарияланған Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындарына тегін байланыс қызметтерін аудара бастады.
«Beeline» операторы су тасқыны болып жатқан Торғай өңіріндегі тұтынушыларының ҚР бойынша барлық нөмірлеріне 50 минуттық бірлік, 50 SMS және 7 күнге 10 Гб көлемінде интернет-трафигін аударды. Абоненттерге бұл туралы SMS хабарлама жіберілген. Аударымды «Менің Билайным» қосымшасы немесе *106# командасы арқылы тексеруге болады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі аталған оператор, қажет болған жағдайда, тегін байланыс қызметтерінің мерзімін ұзартуға әзір екенін хабарлады.
Қостанай облысы