Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны ахуалы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6000-нан астам адам, 3000 бірлік. техника және ТЖМ, Қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ұлттық Ұланнан 12 әуе кемелері жұмылдырылған.
Республикалық жедел штабтың бақылауында 7 облыс, атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары.
Cу тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 7 783 адам, оның ішінде 2 800 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша қоныстану тіректеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала құтқарылып, эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 млн. астам текше метр еріген су алынды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.