Бүгін Қостанай облысы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 азамат құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқару жұмыстары Ми-8 тікұшағымен жүргізілді. Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес.Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Екідің ауылында 26 үй суға кетті» деген ақпарат тараған еді. Аталған ақпарат жалған болып шықты.