• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2024

Гарвард студенттері Қазақстан менеджментіндегі трендтермен танысты

38 рет
көрсетілді

Бір топ Гарвард студенттері ел тарихымен, мәдениетімен және қазіргі экономикасымен жақынырақ танысу үшін Қазақстанға келді. Олар белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей құрған компанияға ат басын бұрып, менеджменттегі отандық трендтермен, даму стратегияларымен және бизнестегі инновациялық тәсілдерімен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Қонақтар ұжымның жоғары кәсібилігін, қарқынды өсуін және бірінші кезекте Қазақстанда бизнесті дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. «TAS Group әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық және инновациялық қаржылық компанияға айналуды көздейді. Бұл кездесу соның алғышарты десек артық айтқандық емес. Бұл сапар білім берудің әлемдік деңгейі отандық бизнес-сектордың динамикасымен қалай тоғысып, екі тарапты да құнды тәжірибемен байыта түскенінің айғағы болды», дейді компания өкілі Данияр Молдахмет.

Шетелдік қонақтар қазақ қонақжайлығына бас иіп, өз елдеріне шақырды.