Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Амангелді ауданына Қосжан ауылынан 10 адам, оның ішінде 8 бала авиация арқылы эвакуацияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтағы су тасқынан зардап шеккен елдің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп жатыр.
Бүгін Қабырға, Қосжан ауылдарына, Алакөл қыстағына бір тонна азық-түлік, 5 электр генератор, 300 литр жанар жағармай жеткізілді.